Байден мен Путиннің шоуынан кейін теңге құлауы мүмкін
"АҚШ – Қазақстанның сенімді серіктесі", деді бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ өкілі Залмай Халилзадемен кездесу барысында, деп хабарлайды zakon.kz.
Ең қызығы, мұның алдында Залмай Халилзаде Тәжікстан мен Өзбекстан президенттерімен кездесіп, кездесу қорытындысында олар да көптеген мәселелер бойынша АҚШ-ты қолдауға дайын екенін білдірді. Бұл Байден мен Путин кездесуі алдында Ақ үй үшін өте маңызды. Басты мәселе Қазақстан боп тұр еді. Егер Қазақстан Ресейге қатысты көрші елдер сияқты позиция ұстанса, онда кездесуде Байден күшейіп, Путинге дауыс көтере сөйлей алады: "Ресей жалғыз қалды, ал АҚШ-тың артында Ресейдің маңайындағы елдер – Украина, Кавказ, Орталық Азия, Қазақстан мен Балтық елдері тұр", дейтін жөні болады.
– Бұрынғы совет республикаларының бәріндегі негізгі ұлттар Ресейге теріс көзбен қарайды, өйткені КСРО құлағалы 30 жыл өтсе де ресейлік саясаткерлер, шенеуніктер мен бизнесмендер өздерін өзге елдерге "старший брат" санауын қояр емес. Мұны кеше Соловьевтің құсыққа толы эфирінде "қазақстандық түсік" – Жириновский тағы айтты. Алдағы Байден мен Путин кездесуінен кейін АҚШ пен Ресей арасы одан әрмен суитын сияқты. Өйткені енді Байденнің Путинмен тіл табысам деген кез-келген талпынысы АҚШ-та Американың ұлттық мүдделеріне сатқындық жасау деп қабылданады. Путинмен достаспақ болған Трамптың күні қандай болғанын президент Байден жақсы біледі. Сондықтан Байденнің бір-ақ жолы бар – Путинді барынша қысу, барлық мәселе бойынша: адам құқығынан бастап кибершабуыл мен АҚШ-тың ішкі ісіне араласуға дейін. Бірақ бұл саяси шоу рубль мен теңгенің күрт құлауына әкеп соғуы мүмкін. Бірақ бұл жай менің ғана пікірім, дейді журналист Ибраш Нүсіпбаев.