Жаңалықтар тізбегі
0

Байден Путиннің шешімінен кейін санкциялар жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Луганск халық республикасы, Донецк халық республикасы, Ресей, АҚШ, Украина, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 10:25 Сурет: whitehouse.gov
АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларының (ДХР және ЛХР) тәуелсіздігін мойындауына байланысты санкциялар жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

ТАСС-тың хабарлауынша, құжат америкалықтардың Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасын қаржыландыруға және инвестициялауға, сондай-ақ олармен сауда жасауға тыйым салады.

Жарлық мәтінінде АҚШ тарапынан Украинаның ДХР және ЛХР деп аталатын немесе осыған ұқсас басқа да өңірлеріне жаңа инвестицияларға тыйым салынатындығы жазылған.

Бұған қоса, АҚШ-қа жарлықта қамтылған аймақтардан (ДХР мен ЛХР) тура немесе жанама түрде кез келген тауарды импорттауға, сондай-ақ ДХР мен ЛХР-ға АҚШ-тан немесе қай жерде жүрмесін, АҚШ-тың қандай да бір тұлғасының кез келген тауарды, қызметтерді немесе технологияларды экспорттауына, қайта экспорттауына, сатуына немесе жеткізуіне шектеу қойылды.

Жарлық сонымен қатар АҚШ әкімшілігіне ДХР мен ЛХР-да жұмыс істейтін жеке тұлғаларға және онда жұмыс істейтін ұйымдардың басшылық өкілдеріне санкция салу құқығын береді. Санкциялар тізіміне ену АҚШ-тағы активтердің қатырылатынын және америкалық азаматтарға немесе компанияларға оның иелерімен бизнес жүргізуге тыйым салынатынын білдіреді.

22 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол ресейліктерге сөйлеген сөзінде айтты. Ол тікелей эфирде тиісті жарлыққа қол қойды.

Тақырып бойынша оқи отырыңыз:

БҰҰ Ресейдің шешіміне қынжылыс білдірді

Сондай-ақ Владимир Путин Қорғаныс министрлігіне Ресей қарулы күштерінің ДХР мен ЛХР-да бейбітшілікті сақтауды қамтамасыз етуін тапсырды.

Украина президенті Владимир Зеленский бес минуттық мәлімдеме жасап, бұл оқиғаларға баға берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: