Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 20:44 24kz
Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған.

Оралда әскери борышын өтеп жатқан сарбазға оқ тиіп, салдарынан көз жұмды. Оқиға бүгін таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Бозбала жедел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Әскери бөлім басшылығының мәлімдеуінше, жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Ол сол түні түзету мекемесінде күзетте болған. Марқұм – Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жәнібек Сәрсенов, №5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

– Қарудан өз-өзін жаралады. Әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болған жоқ. Қазіргі таңда әскери тергеу органдарымен тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге басқа ақпарат бере алмаймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: