Алматыда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды

29 Маусым 2021, 16:34
Сурет: ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК Ауғанстаннан Қазақстанға заңсыз жолмен есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Халықаралық арнайы операция нәтижесінде 2021 жылдың 15 маусымында Алматыда 25 келі ауыр есірткімен есірткі тасымалы арнасын ұйымдастырушы, "М" есімді азамат ұсталды. Ол ұқсас қылмысы үшін Ресейде де іздеуде жүрген. Аталған тұлға қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Тәжікстан азаматының жалған паспортын қолданған, - деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Оның сыбайласы болған Қазақстан азаматы да ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді.

Есірткі тасымалы қылмысына қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жалғасуда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?