Біттің, Баха. Алматыда іздеудегі алаяқ жалған куәлікпен ұсталды
Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ағымдағы жылдың 16 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін қолдану туралы ақпаратты тексеру барысында Алматы қаласының Төле би көшесіндегі 50-54 үй мекен-жайы бойынша 24.07.1987 жылы туған, Алматы облысының тұрғыны Құтелов Бақыт Майлықұлын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әбіш Бахтиярдың" атына жалған мәліметтері мен оның фотосы бар аса маңызды істер жөніндегі офицердің жалған құжаты алынды.
Аталған азамат алаяқтық күдігі бойынша қамауда ұстау бұлтартпай шарасымен Алматы облысының полиция департаменті жариялаған халықаралық іздеуде болған.
Ұсталған Б.М. Құтелов Алматы облысының полиция департаментіне берілді.