Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалған қызметкер жұрттан 80 млн теңге сыпырып алды
кп
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде танысып, республика аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері болып танысқан алаяқ бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған, деп хабарлайды zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде танысып, республика аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған азамат "А"-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.
Ол мемлекеттік басқару саласындағы мәселелерді оң шешу үшін азаматтардың 80 млн теңге сомасындағы қаражатын алдау арқылы иемденуде күдікке ілінді.
ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript