Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Көкжайлау" жобасын тексереді

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 20:37 Inbusiness.kz
Бюджет қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеуді бастайды.

2019 жылдың 5 қарашасында бұқаралық ақпарат құралдарында Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің "Көкжайлау" шатқалында "Көкжайлау" тау шаңғысы курортын салуға бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді пайдаланудың күмәнділігі туралы журналист Вадим Борейконың мақаласы жарияланды.

Жарияланымда 2014-2019 жж. электр және газбен жабдықтау желілері мен кәріз коллекторын салуға бюджеттен 19 млн АҚШ доллары жұмсалғанын (тапсырыс беруші - Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы), кейін теңге бағамының өзгеруіне байланысты тағы 13,5 млн АҚШ доллары қосымша бөлінгенін, ал шын мәнісінде оның жоқ екендігін баяндаған.

Тағы 200 мың АҚШ доллары (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына балама, шамамен 76 млн теңге) PR жоба жасап, кейін оны тоқтатқан квазимемлекеттік компания "Mountain Mountain Resorts LLP" (жоба балансына өтуге тиісті жобаның операторы) ұстауға жұмсалған.

7 қарашада Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл ақпаратты есепке алу кітабына тіркеп, мақалада көрсетілген дәлелдерді тексеру үшін материалдарды Алматы қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне (мемлекеттік аудит) жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Агенттіктің Серіктестік Департаментіне сілтеме жасап.

Сонымен қоса, 2019 жылғы 26 қарашада Алматы қаласы бойынша Департментке "Көкжайлауды сақтайық" бастамашыл тобының мүшесі А.Жандосованың (Таусар қоғамдық қорының директоры) "Көкжайлау" курортының құрылысына бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеру туралы өтініші түсіп, ол осыған дейін ашылған тексеруге қосу үшін Алматыдағы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Егер тексеру нәтижелері бойынша бюджет қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеуді бастайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: