Арал теңізі мәселесін шешу бойынша аймақтық бағдарлама бекітілді
Душанбе қаласында Қазақстан делегациясы Халықаралық Аралды құтқару қорының басқару отырысына қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.
"29 маусымда ҚР делегациясы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) басқару отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына барды. Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі А.Тәжібаев және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Сыздықов және т.б. кірді", делінген Экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық тарапы ХАҚҚ Орындаушы комитетіне ХАҚҚ Мемлекеттері басшыларының шешімдеріне түгендеу жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Түңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылы Түрікменбаши қ. ХАҚҚ мемлекеттері-құрылтайшылар самитінде айтылған ХАҚҚ ұйымдастырушылық құрылымды және келісім-шарттық базасын жетілдіру, Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық концорциумын құру, сондай-ақ ХАҚҚ Орындаушы комитетінің аймақ елдерінің бірінде тұрақты орналастыру жөніндегі ұсыныстарды іске асыру қажеттілігін атап өтті.
Арал теңізінің бассейндегі су ресурстарын және экологиялық жағдайды жақсарту қажеттілігі аясында, қазақстандық тарапымен аймақтық ұйымдардың рөлін күшейтудің, оның ішінде "Сырдария" және "Амудария" су шаруашылық бассейндік бірлестіктердің маңыздылығы аталды.
Отырыс нәтижесінде Тәжікстан төрағалық етуінің мерзіміне ХАҚҚ Орындаушы комитетінің жұмыс жоспары қабылданды, сонымен қатар, "Арал теңізінің бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы" (АТББ-4) бекітілді.
АТББ аймақтық бағдарлама, оның негізгі мақсаттары Арал теңізі бассейнінде тұратын адамдардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, Орталық Азия елдері арасындағы су шаруашылық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту және су ресурстарын ұтымды пайдалану ынтымақтастығын одан әрі кеңейту болып табылады.