Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 2022 жылға арналған COVID-19-ға қарсы күрестің іс-қимыл жоспары бекітілді

COVID-19 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен 2021-2022 жылдарға арналған коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі шұғыл әрекет жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz

2022 жылға жоспарланған іс-қимылдар:

"Covid-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасымен қатар Ashyq мобильді қосымшасын қолдану мүмкіндігі мәселесін пысықтау.

  • Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 23 қазандағы қаулысындағы республика аумағына келетін адамдарға қатысты шектеу шараларын белгілеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

  • Өткізу пункттерін (ЕАЭО елдерімен ішкі шекарада) санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті жабдықпен (тепловизорлар), интернет-байланыспен және үй-жайлармен жарақтандыру мәселесін пысықтау.

  • Дәріхана желісіне ДЭТ АГ SARS-CoV-2-ні (антиденелерді анықтауға арналған экспресс тестер) шығару, оған деген халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  • Білім беру ұйымдарында оқушылар арасында ДЭТ АГ SARS-CoV-2-ні (антиденелерге экспресс-тест) қолдану мәселесін пысықтау.

  • Вакциналау пункттерін, оның ішінде қоғамдық орындардағыны бейнебақылау камераларымен жарақтандыру.

Сонымен қатар халықты вакциналаумен қамтуды кеңейту, халыққа медициналық көмек көрсету, медициналық оңалту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Тағы жоспарда бары:

  1. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ диагностикасы мен емге қажетті жаңа технологияларын енгізу.

  2. Covid-19-бен күрестен алынған және халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды ұйымдастыру тәсілдерін бейімдеу.

  3. COVID-19-дың ұзақмерзімді салдарын клиникалық бақылау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

  4. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын халықты жылжымалы медициналық кешендермен медициналық поездарды тарта отырып, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ бұл жоспар коммуникациялық стратегияны енгізуді, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуды көздейді.

Мысалы, КВИ мутациясын ескере отырып, QazCovid-in вакцинасын түрлендіру жөніндегі шараларды іске асыру, сондай-ақ КВИ кезінде "Эфесовир" дәрілік затының тиімділігін клиникалық жағдайда зерттеу көзделген.

Іс-шаралар жоспарын толығымен мына жерден оқи аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз