Президент: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады
Сурет: flickr/Arian Zwegers
Президенттің айтуынша, су қауіпсіздігі Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін аса маңызды мәселе болып отыр.
"Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды әрі әділ пайдалана алатынымызға байланысты", – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай ауыр зардаптарға әкелетінін еске салатынын, сондай-ақ батыл әрі ғылыми негізделген жүйелі шаралар арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болатынын атап өтті.
Президенттің мәліметінше, қазіргі таңда Солтүстік Арал теңізінің шамамен 36 пайызы қалпына келтірілген. Соның нәтижесінде судың сапасы жақсарып, балық қоры көбейген, ал маңайдағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсара түскен.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының жоғары деңгейдегі кезекті отырысы өтетінін айтып, онда Қазақстанның ұйымға үш жылдық төрағалығы қорытындыланатынын жеткізді.