Жаңалықтар тізбегі
0

Міндетті екпені алмағандар қалай жазаланады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2021 18:42 zakon.kz
Екпе алмай қойған жұмысшылардың өздеріне айыппұл салынбайды.

1 шілдеде Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойып жіберіп, соған сәйкес кей тұлғалар үшін вакцина алу міндетті болды. Атап айтқанда, қызмет көрсету саласының жұмысшылары, сондай-ақ адам саны 20-дан асатын ұжым қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін 15 шілдеге дейін, екіншісін 15 тамызға дейін салдыртуы тиіс. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев сол мерзімге дейін екпе алмағандарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Екпе алмай қойған жұмысшылардың өздеріне айыппұл салынбайды. Ал екпе алмай жүрген қызметкерінің жұмыс істеуіне жол берген кәсіпкерлерге ҚР Әкімшілік кодексінің 462-бабы (3-тармағы) бойынша айыппұл салынады.

  • жеке тұлғалар үшін – 5 АЕК мөлшерінде (14 585 теңге),
  • лауазымды тұлғалар үшін – 15 АЕК мөлшерінде (43 755 теңге),
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК мөлшерінде (291 700 теңге),
  • орта бизнес үшін – 200 АЕК мөлшерінде (583 400 теңге),
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – қызметін тоқтатумен 500 АЕК мөлшерінде (458 500 теңге).

Бір адамдық Дара кәсіпкер қалай жазаланады?

Қол астында жұмысшысы жоқ шаштараз жеке кәсіп ашып, өзі жұмыс істесе, ДСМ ондайларға жеке тұлға ретінде 5 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешімге келді.

Вакциналауды тексеру қашан басталады?

15 шілдеден кейін вакцинаның бірінші компоненті бойынша рейдтік тексерулер басталады, ал 15 тамыздан кейін екі компонентпен толық екпе алғандарды жаппай тексеру басталады, деді Ержан Байтанаев.

Бұж жұмысқа әкімдіктердің мониторингтік топтары тартылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: