Еуропада екпе салдыртпағандар заң бойынша жазаланады

Анализ, анализы, больница, поликлиника, врач, врачи, доктор, доктора, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 09:35 Фото: Zakon.kz
Еуропа елдерінде балаларға 12 екпе салдырту міндетті. Вакцина алмаған балғындар мемлекеттік балабақшаға, мектепке қабылданбайды.

Заңға бағынбаған ата-аналарға 3 мың еуроға дейін айыппұл салынады. Мақсат – халықтың қалтасын қағу емес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Францияда қызылшадан 10 бала қайтыс болғаннан кейін ел үкіметі міндетті вакцинаның санын үштен 11-ге дейін көбейтті.

Чехияда баласына екпе салдыртпай, айыппұл арқалаған ата-аналар Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағым түсірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен, Еуропалық сот "міндетті вакцина-демократиялық нормаларға сәйкес келеді" деген шешім шығарды.

Екпе салдырту міндетті емес біраз Еуропа елдерінің өзінде бүгінде балалардың 95 пайызы вакцина алған.

"Вакцина өз балаңды, өзгенің баласын жұқпалы дерттен қорғау үшін қажет қой. Сондықтан мен міндетті тегін екпеден бөлек, міндетті емес екпелерді қомақты қаржыға сатып алып, балаларыма салдырттым. Былтыр қызылша өршігенде, осы вакцинаның арқасында аман қалдық." Жанин Готье, Брюссель қаласының тұрғыны
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: