Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл шетелден білім алуға қанша қазақстандық аттанбақ

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2021 18:55 pixabay.com
Үкіметаралық гранттар операторы — ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы.

330 қазақстандық шетелдік жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ұсынылды. Олар Қазақстан мен басқа елдер арасында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісім шеңберінде тегін оқи алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, ҚР БҒМ мәліметі бойынша, Мажарстан, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқу мүмкіндіктері бар.

Орталық Азия елдері арасында Қазақстанға ең көп білім грантын Мажарстан бөліп отыр — 250, Қытай – 47, Польша – 11, Украина – 10, Словакия – 3, Әзірбайжан – 8, Вьетнам – 1. Гранттар бакалавриат, магистратура, докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінеді.

"Әңгімелесу барысында әрбір үміткерге мамандық таңдауға деген ынтасы мен жігері, теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған мамандығы саласындағы жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін сұрақтар қойылды. Сондай-ақ біз ойлау логикасының деңгейін, сөйлеу сапасын, кез-келген жағдайдағы мәселелерді шешу бойынша үміткерлердің жеке қасиеттері мен дағдыларын бағаладық. Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды", – деді ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова.

Үміткерлерді іріктеуді депутаттар, сарапшылар, инженерлік-техникалық, медициналық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының докторларынан құралған тәуелсіз комиссия жүргізді. Тәуелсіз сараптама комиссиясы негізгі және резервтік тізімге шет тілін білу деңгейі, білімі туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесудің орташа бағасының жиынтығы бойынша ең жоғары орташа балл жинаған үміткерлерді енгізді.

Үкіметаралық гранттар операторы — ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығы.

ҚР Білім және ғылым министрі мен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісінің қатысуымен өткен Қазақстан-Еуропа форумында тараптар білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылағанын айта кеткен жөн.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: