Қытайдағы жоғары оқу орындарына түскісі келетін қазақстандықтарға құжат тапсыру мерзімі ұзартылды

Образовательная программа Болашак, стипендия Болашак, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 16:49 Фото: Zakon.kz
Қытайдағы ЖОО үкіметаралық гранттар бойынша құжат қабылдау мерзімі ұзартылды. Бұл қуанышты хабарламаны 2026 жылғы 9 ақпанда "Болашақ" халықаралық шәкіртақы бағдарламасын үйлестіретін және жүзеге асыратын "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Telegram-арнасында жариялады.

Орталық еске салғандай, биылдан бастап Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесін алғысы келетін барлық шетелдік үміткерлер шетелдік студенттерге арналған академиялық дайындық тестінен (CSCA) өтуге міндетті.

"CSCA онлайн-емтиханына тіркеу 2026 жылғы 14 ақпан сағат 12:00 Пекин уақытына дейін (Астана уақытымен 09:00) ашық болады. Емтихан 15 наурызда өтеді. CSCA тестілеуі туралы толық ақпарат сілтеме арқылы орналастырылған. Құжат қабылдау 18 ақпан 2026 жылға дейін "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz) арқылы немесе тікелей "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы келісімге сәйкес, Қытай үкіметі 2026-2027 оқу жылы үшін мемлекеттік шәкіртақылар бойынша 73 білім беру грантын ұсынады.

Грант келесі бағдарламаларды қамтиды:

  • бакалавриат;
  • магистратура;
  • докторантура.
  • Грант келесі шығындарды қамтиды:
  • тегін оқу;
  • ай сайынғы шәкіртақы;
  • медициналық сақтандыру;
  • жатақханада тұру.
"Барлық басқа шығындар грант иесі тарапынан өз қаражаты есебінен төленеді", – деп атап өтті "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ.

Үміткерлерге конкурсқа қатысу үшін Қытай шәкіртақы кеңесінің ресми сайтында онлайн-тіркеуден өту қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: