Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқыны болып отыр - Президент

dw.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2021 22:29 dw.com
Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды - Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың жаңа толқыны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды, - деді Президент бүгінгі жиында.

Сондықтан, оның айтуынша, әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс, - деді Тоқаев.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: