Air Astana ұшағына найзағай түсті: компанияның түсініктемесі

Максим Золотухин / zakon.kz Максим Золотухин / zakon.kz
Ұшақ толық тексерілді, найзағайдың ізі табылмады.

Air Astana әуе компаниясы ұшаққа найзағай түсуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

9 тамызда Алматы уақыты бойынша сағат 20:30-да KC139 рейсімен Алматы-Тбилиси бағыты бойынша ұшып шыққан ұшаққа найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен борт әуежайға қайта оралды. Ұшақ қалыпты режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ.

Компанияның мәліметінше, бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар Тбилисиге сағат 00:40-та ұшып кетті. Ұшақ толық тексерілді, найзағайдың ізі табылмады. Ұшақ пайдалануға қайтарылды.

Бұған дейін Алматы-Тбилиси рейсінің жолаушысы ұшаққа найзағай түскенін хабарлаған еді:

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз