Жаңалықтар тізбегі
0

Адамзатқа экологиялық апаттардың арту қаупі ескертілді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 17:48 pixabay.com
Температураның өзгеруі ауа-райының күрт өзгеруіне, теңіз деңгейінің көтерілуіне, адам денсаулығына үлкен зиян келтіруіне, өлім-жітімнің ұлғаюына, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жоғалуына ықпал етеді деп болжанады.

БҰҰ Жердің 1,5 градусқа қызуына байланысты алдағы онжылдықта экологиялық апаттар санының өсе түсетінін ескертті, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

БҰҰ жанындағы климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ (60 елден 200 -ге жуық ғалым) сарапшыларының мәліметтері бойынша, Жер беті болжанған уақыттан тезірек "қызып" жатыр. Зерттеушілердің болжамы бойынша, 2030-2052 жылдар аралығында ауа температурасы 1-1,5 градусқа көтерілуі керек еді. Енді орташа температура бұдан он жыл бұрын, 2040 жылға қарай көтерілетіні есепке алынуда, деп жазады Daily Mail.

Осыған байланысты адамзат рекордтық аптап ыстық, орман өрттері мен су тасқынына дайын болу керек, - дейді мамандар. Температураның өзгеруі ауа-райының күрт өзгеруіне, теңіз деңгейінің көтерілуіне, адам денсаулығына үлкен зиян келтіруіне, өлім-жітімнің ұлғаюына, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жоғалуына ықпал етеді деп болжанады.

Ғалымдар 1,5 градустық өзгерісі - климаттық өзгерістер жойқын болатынын білдіреді. Сарапшылар қарашада өтетін климаттың өзгеруіне арналған БҰҰ конференциясында (COP26 деп те аталады) өз мәліметтерін ұсынғысы келеді.

Конференция жетекшісі, британдық саясаткер Алок Шарма мемлекеттер ауаға бөлетін зиянды затттар көлемін азайту туралы ойлануға мәжбүр болатынын атап өтті.

Бұл есеп одан да көп күш-жігерді қажет ететін дабыл белгісі іспетті болады, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: