Ақтауда жүкті әйелдерге қатысты алаяқтық жасаған бухгалтер сотталды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 09:52 Фото: Zakon.kz
Ақтау қаласында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы мемлекеттік төлемдерді заңсыз алған алаяқтық ісі бойынша сот үкімі шықты.

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізген.

"Іс материалдарына сәйкес, бухгалтер өзінің кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерге арналған әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. Ол Instagram әлеуметтік желісі арқылы өзін жәрдемақы рәсімдеумен айналысатын маман ретінде таныстырып, төлем көлемін арттыруға көмектесетінін уәде еткен." Қаржылық мониторинг агенттігі

Алаяқтық схеманы жүзеге асыру үшін күдікті туыстары мен таныстарының атына нақты қызмет атқармаған бірнеше жеке кәсіпкер тіркеген. Олардың және тартылған азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдалана отырып, жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар, еңбек шарттары, есеп айырысу тізімдемелері және өзге де құжаттар дайындалған. Осылайша, заңды еңбек қатынастары бар деген жалған көрініс қалыптастырылған.

Осының негізінде уәкілетті органдар тарапынан жәрдемақылар негізсіз жоғары мөлшерде тағайындалған. Кейбір кәсіпкерлер төлемдерді алғаннан кейін бұрын аударылған зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды кері қайтарған.

Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа үш бөлмелі пәтер сатып алынған. Тергеу барысында бұл мүлікке тыйым салынып, кейін сот шешімімен мемлекет кірісіне тәркіленді.

Сот үкімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: