Алматыда "үйленемін" деп сендірген алаяқ үш қыз бен бір ер адамды алдап кеткен

Алматыда "үйленемін" деп сендірген алаяқ үш қыз бен бір ер адамды алдап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 18:31 Сурет: Zakon.kz
Алматыда алаяқтық пен әдейі дене жарақатын салу ісі бойынша айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысында И. қылмыстық ниетпен үш жас қызды алдап, оларға некеге тұруға уәде беріп, әртүрлі сылтаумен - бизнес ашу, жалған қарыздарды қайтару, шұғыл шығындарды қажет ететін жағдайлар секілді - олардың ақшалай қаражаттарын иемденгені анықталды.

Жәбірленушілер И.-ге сеніп, екінші деңгейлі банктерден және микрокредиттік ұйымдардан өз атына несие рәсімдеп, жинаған қаражатын болашақ некеге және бірге өмір сүреміз деген оймен оған берген.

Сонымен қатар жәбірленушілердің біріне олардың арасында туған жанжал барысында И. бірнеше соққы беріп, бұл әрекеттер жеңіл зиян келтіру деңгейіне жетпеген.

Сондай-ақ алданғандардың бірі жәбірленуші қыздың танысы болған, оған сотталушы автокөлікті есепке қоюға көмектесемін деп уәде берген. Жәбірленушіден бұл шығындарға деп ақша алып, И. қаражатты иемденген.

Жалпы төрт эпизод алаяқтық және бір эпизод ұрып-соғу дерегі анықталған.

Сотталушының кінәсі оның өз кінәсін ішінара мойындауымен қатар, куәгерлердің айғақтарымен, қаржылық құжаттармен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және жәбірленушілердің несие міндеттемелеріне қатысты банк мәліметтерімен толық дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады.

Жәбірленушілер келтірілген залалды өндіруді және сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Прокурор

ҚР ҚК 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша - қоғамдық жұмыстарға тартуды;

ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша - 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот шешімі

Сот үкімімен И. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1), 4) тармақтары және 109-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: