Астанада жеке кәсіпорын күзетшісін аяусыз өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Пышақ, Астана, күзетші, өлтіру, сот үкімі, жеке кәсіпорын, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2025 16:40 Сурет: pixabay
Астанада күзетшіні аяусыз өлтірді деп айыпталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыс 2025 жылы 24 қаңтарда жеке кәсіпорын басшысы күзетшісіне қойма аумағынан бір адамды шығаруға нұсқау бергенде орын алған. Мекеме қызметкері бұйрықты орындамақ болғанымен, қарсылыққа тап келген.

"П. мен А алдымен өзара сөзге келіп қалған. Одан соң А. күзет бөлмесінде П-ның жағынан жұдырығымен салып қалып, оны есінен тандырған. Содан кейін, А. бөлменің есігін іштен тарс жауып, П-ның есін жиғанына көз жеткізіп, оны қос қолымен мойынынан қылқындырады, осы кезде онда қасақана өлтіру туралы қылмыстық ниет туады", делінген Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ол күртешесінің оң қалтасынан қолдан жасалған пышақ пен кескіш затты алып шығып, П-ның кеуде мен қарын тұстасына 26 рет соққы берген, салдарынан зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырды.

Айыпталушы А. кінәсін ішінара мойындады.

Сот үкімімен А. ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 8 млн теңге сомасында моральдық залал өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Құлсарыда жоғалып кеткен жеті жасар қыз бала өлі табылғанын, аталған факті бойынша 36 жастағы ер адам ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: