Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда мысықты басынан ұрып, сеспей қатырған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Мысық, Ақтау, басынан ұрып, сеспей қатырған, ер адам, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 19:26 Сурет: pixabay
Ақтауда көршісінің мысығын қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 12 қазанда Ақтау қалалық сотында А-ға қатысты жануардың өліміне әкеліп соқтырған қатыгездік (ҚК-нің 316-бабының 2-бөлігімен) бабы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы А. мысықты басынан қасақана ұрып, үйдің алдына лақтырып тастаған. Оның бұл әрекеті мысықтың өліміне әкеліп соқтырған.

"ҚР Қылмыстық кодекстің 316-бабының 2-бөлігінің санкциясында жануардың өліміне әкеліп соқтырған қатыгездікпен қарау - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 1 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жаза көзделген", делінген сот хабарламасында.

Сот сотталушы А-ның өз кінәсін толық мойындауын, шын ниетімен өкінуін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Сот үкімімен А. ҚР ҚК-нің 316-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: