Шымкентте ер адам танысын террористік топтарға қосылуға үгіттегені үшін сотталды
Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы қыркүйекте Шымкентте С. есімді азамат WhatsApp мессенджері арқылы танысы Т. есімді әйелге халықаралық террористік ұйым "Мұсылман бауырлар" идеологиясын және "қарулы жиһад" идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт-насихат жасаған.
Сот үкімімен С. ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі ("Терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату") және 296-бабының 1-бөлігі ("Террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт — насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру") бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Шымкент прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертті.