Жаңалықтар тізбегі
0

Қар, тұман, көктайғақ. Алты облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2022 20:06 Сурет: pixabay
Синоптиктер ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қазақстанның алты өңірінде ескерту жариялады. 8 қарашада қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және Орал қаласында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, сондай-ақ Петропавлда қалың тұман болатыны болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыс орталығында, шығысында көктайғақ болады.

Жетісу облысының таулы аймақтары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. 8-10 қарашада түнде және таңертең таулы аудандар мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Өңірдің шығысы мен таулы аудандарында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. "Қазгидромет" РМК

8 қарашаға қараған түні Түркістан облысының таулы аймақтары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы өңірі мен тау бөктерінде қалың тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Солтүстік батыстан, солтүстіктен жел соғады, тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шымкентте қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Арасында тұман болады.

Түркістанда 8 қарашада түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтауда оңтүстік шығыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-18 м/с болады деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: