Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 23:55 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі. 

Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы, орталығы тұманды болады.

Ақмола облысының батысында тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: