Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, найзағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2023 21:18 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіңі 15-20, кей уақытта 25-28 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 12-14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 12 тамызда облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. 

Абай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с. 12 тамызда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте 12 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: