Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2024 17:53 Сурет: pxhere
Синоптиктер ертең, 1 сәуірде Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Атырау облысының батысында тұман.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: