Алматыда және Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда және Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 19:52 Сурет: pixabay
Синоптиктер ертең, 29 наурызда Алматыда және Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге, кей уақыттарда 23 метрге жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Алматыда түнде және таңертең тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. 

Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: