Қатты жауын-шашынға байланысты еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік батыстан шығыстың солтүстігіне қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады, түнде өңірдің солтүстік шығысына қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде облыстың оңтүстік батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда қар жауып, көктайғақ болады, қар ұшқындайды деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз, тіпті 23-28 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ болады.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын болады. Облыстың солтүстігінде қалың тұман түседі деп күтіледі.