Нұр-Сұлтанда құрылысшылар жаппай төбелесті

pixabay.com pixabay.com
Оқыс оқиға 6 тамызда күндіз орын алған.

Нұр-Сұлтанда құрылысшылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Төбелестің видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Елордалық полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде құрылыс алаңындағы жұмысшылар арасында орын алған төбелестің видеосы анықталғанын хабарлады.

Оқиға 6 тамызда күндізк Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс алаңының аумағында болғаны анықталды. Құрылыс бригадалары арасында өзара сөзге келудің соңы төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға кезінде 102 арнасына ешқандай қоңырау түскен жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз