Жаңалықтар тізбегі
0

"Кісі өлтірген, пара алған". Павлодардың білім саласында у-шу болып жатыр

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2021 16:51 pxhere.com
Тергеу органы бұл адамдардың басшылық қызметке қалай және қандай жағдайда қабылданғанын анықтау қиын болып жатқанын түсіндірді.

Павлодар облысының білім саласына қатысты үлкен айқай-шу болып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл өңірде бүгіндері жұмыс істеп жатқан 14 мектеп директоры қылмыстық жазаға тартылған адамдар екенін анықтады. Тіпті, біреуі кісі өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Екіншісі-парақор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "өткені күмәнді " екі басшыны да жұмыстан шығаруды ұсынды, деп хабарлайды "Еуразия" Бірінші арнасы.

Тергеу органы бұл адамдардың басшылық қызметке қалай және қандай жағдайда қабылданғанын анықтау қиын болып жатқанын түсіндірді.

Олар мүлде басқа қызметке тағайындалған. Егер олар бұрынғы лауазымында қала берсе, онда сәйкесінше бұл жерде заңның күші болмайды. Және де, заң бойынша, олардың бірі білім беру саласында қылмыс жасағандықтан жұмыс істей алмайды. Ол кісі өлтіргені үшін жауапқа тартылды, ол мүлде жұмыс істемеуі керек еді, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті бастығығының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Балғожин

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: