Талапкерлер неліктен білім грантына өтініш бере алмай жатыр
Бүгін Электронды үкімет порталында білім беру гранттарына өтінімдерді қабылдау басталды. Бірақ қызметті алу барысында Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапында техникалық ақаулар байқалып жатыр
Инфрақұрылым жағында және ҰББД АЖ мәліметтерін беру бойынша онлайн анықтамалықтарда мынандай проблемалар туындаған: ҰБТ нәтижелері, білім беру бағдарламалары, ЖОО мәліметтерінің болмауы.
"Бұл қызметті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ, "Ұлттық тестілеу орталығы" АҚ, "ҰАТ" АҚ бірлесіп іске асырды және осы қызметті алу үшін барлық мәлімет ҰББД АЖ және ҰТО дерекқорынан тартылады. Қазіргі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері аталмыш қызметтің толық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және өтінім беру үшін қажет техникалық жұмысты жүргізіп жатыр. Сонымен қатар биыл қызметті барынша үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында көпарналы түрде (ЖОО-ның қабылдау комиссиялары және онлайн қабылдау ЖОО-лары арқылы қосымша) көрсетілетінін атап өтеміз". Электронды үкімет порталының хабарламасы
"Egov порталы - пайдаланушымен өзара іс-қимыл терезесі. Біз қызметке қажетті мемлекеттік органның деректерін ғана қолданамыз, бұл жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерекқорынан алынады. Портал әуелі талапкердің қандай мамандықты таңдай алатынын, ҰБТ нәтижелері және т.б. ақпаратты алады. Егер осы мәліметтерді алу дұрыс жұмыс істемесе, талапкер қызметті пайдалана алмайды", - деп түсіндірілген хабарламада.