Семейде өртенген үйде қалған қыз 9-шы қабаттан секірді
instagram.com/shygysqaz_tjd
Ол үйден өз бетімен шыға алмаған, себебі ата-анасы есікті сыртынан құлыптап кеткен.
Семейде орын алған өрт кезінде жалын арасында қамалып қалған қыз тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Өрт 15 тамызда түс уақытында қала орталығындағы 9 қабатта орналасқан пәтердің балконында болған.
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, пәтерде 2003 жылы туған қыз бала болған. Ол үйден өз бетімен шыға алмаған, себебі ата-анасы есікті сыртынан құлыптап кеткен.
Құтқарушылар қызды эвакуациялау үшін баспалдақпен көтеріле бергенде қыз өрттен шошып, тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп кеткен. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, оның жағдайы әзірге белгісіз. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Өрт сөндірушілер жалпы алаңы 6 шаршы метрді құрайтын өртті сөндірді. Құтқарушылар өрттен басқа зардап шеккендердің жоқ екенін анықтады. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға өртке ұқыпсыз қарау салдарынан орын алған деген нұсқасын айтуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript