Жаңалықтар тізбегі
0

Санақ өткізіп, қандай деректерді біліп алмақ – Бюро шындығын айтты

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2021 23:02 Павел Михеев / zakon.kz
Халыққа 91 сұрақ қойылады екен.

2021 жылғы Ұлттық халық санағы аясында азаматтарға олардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй жағдайларының жай-күйі және т.б. туралы 91 сұрақ қойылады, деп хабарлайды zakon.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттікгі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов хабарлады.

Халық санағын өткізу үшін 91 сұрақтан (69 сұрақтан және 22 нақтылаушы сұрақтан) тұратын санақ парақтары әзірленді. 8 сұрақ бірге тұратын отбасы мүшелеріне қатысты болады; 8 сұрақ және 3 сұрақ – тұрғынүй жағдайы, 60 сұрақ жеке басына қатысты болады жәнет.б., - деді Айдапкелов.

Ол дәстүрлі көрсеткіштермен қатар 2021 жылғы санақтың санақ парақтарына жаңа сұрақтар енгізілгенін атап өтті. Оның ішінде: респонденттің халықты санау кезіндегі орналасқан жері; өмір сүру мүмкіндігнің шектелуі (көру қиындығы, есту қиындығы, жүру кезіндегі қиындықтар, есте сақтау және/немесе назар аудару қиындықтары); ҚР аумағында уақытша тұру үшін басқа елден келуі; келу мақсаты және басқа да бірқатар мәселелер.

Сұрақтардың жеке блогы COVID-19 ауруы мен вакцинация және пандемияның табыс деңгейіне әсері туралы болады.

Санақ парақтарына көші-қон жөніндегі (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды жоспарлау, негізгі себептері мен мерзімдері туралы); неке жағдайы туралы (қазіргі (немесе қайта) некеге тұру туралы); Жұмыспен қамту жөніндегі (уақытша жұмыспен қамтылмау себептері, жұмыстан тұрақты тұратын жеріне оралу кезеңділігі туралы); тілдерді меңгеру дәрежесі туралы, діни ұстанымы туралы сұрақтар енгізілген.

Айдапкелов осылайша, санақ қорытындысы бойынша халықтың саны мен жыныстық-жас құрылымын бағалау үшін бастапқы база қалыптасатынын, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің есептері жүргізілетінін атап өтті.

Санақ қорытындысы экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты анықтау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының функцияларын орындау, ғылымды және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын болады, - деп қорытындылады Бюро басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі түрде де қатысуға болады. 2021 жылғы халық санағының ұраны - "Қазақстанда әркім маңызды!".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: