Ғалымдар коронавирустың қандай заттардан ұзақ уақыт кетпейтінін айтты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2020 20:59 Pixabay
Вирус пластик заттар мен тот баспайтын болаттан ұзақ уақыт кетпейді екен.

Күллі әлемге қауіп төндірген коронавирус 3 күнге дейін өмір сүреді, ал ауада 3 сағатқа дейін сақталады, деп хабарлайды "Хабар 24".

АҚШ-тағы аллергиялық және инфекциялық аурулар институтының мамандары осындай жаңалық ашты. Ғалымдардың айтуынша, вирус пластик заттар мен тот баспайтын болаттан ұзақ уақыт кетпейді екен. Сондықтан олар денсаулық сақтау саласында жүрген мамандардың кеңесіне құлақ асуға шақырды. Яғни әрбір азамат індеттен қорғанудың қарапайым ережелерін жадында сақтағаны жөн.

Дәлірек айтқанда, науқастармен тығыз байланыста болмау керек. Бет-әлпетті қолмен ұстамаған абзал. Сондай-ақ дәрігерлер жиі қолданатын тұрмыстық құралдарды үнемі ылғалды шүберекпен сүртіп отыру керегін айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: