Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда пештің мұржасын ұзақ уақыт бойы тазаламаған отбасы уланып қалды

Пештің мұржасын ұзақ уақыт бойы тазаламағандықтан бір отбасының мүшелері улы газбен уланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2023 09:01 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Павлодарда пештің мұржасын ұзақ уақыт бойы тазаламаған отбасы уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 21 қаңтарда сағат 15.50-де 101 пультіне Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылындағы үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау (пештің мұржасы тазаланбаған) салдарынан 1976 жылы туған әйел адам мен 2004 және 2021 жылдары туған екі бала уланып, ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түсті. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде.

Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің аудандық бөлімінің қызметкері барды.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды, пештің жарылған жерін бітеуді, мұржаларды 3 айда кемінде бір рет тазалауды, аязды күндері пешті қатты қыздырмауды, от жағу үшін ұзындығы пештің от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажетін ескертті.

Төтенше жағдай кезінде "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: