Павлодар облысында келіншек жас нақсүйерінің кісі өлтіргенін жасырған

pixabay.com pixabay.com
Күдіктілер қылмыс жасаған соң басқа жаққа кетуді жоспарлаған, алайда бірнеше сағаттан кейін олар ұсталды.

Павлодар облысында полиция кісі өлтіру фактісін тергеп жатыр. 30 жастағы келіншек өзімен бірге тұратын еркектің жасаған қылмысын жасырған, деп хабарлайды zakon.kz.

Маусым айының соңында Успен ауданының Қозыкеткен ауылында 22 жастағы жергілікті тұрғын сөзге келіп қалған досына пышақ сұғып алады, салдарынан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. Ауыл тұрғыны қылмыстың куәгері болды, бірақ келіншек болған оқиға туралы полицияға хабарлаудың орнына, алдымен заттай айғақтарды жоюға тырысты: ол қылмыс құралы - пышақты жуып, жасырған, сонымен қатар марқұмның заттарын жуады. Содан кейін бірге тұратын ер адам мен келіншек оқиға орнынан қашып, бақшаға тығылды, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Павлодар облыстық ПД хабарлағандай, күдіктілер қылмыс жасаған соң басқа жаққа кетуді жоспарлаған, алайда бірнеше сағаттан кейін олар ұсталды.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі, сондай-ақ осы қылмысты жасырған сүйіктісіне қатысты 432-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, -дейді Павлодар облысы Успен аудандық полиция бөліміндегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз