2026 жылы ақылы жолдардан бюджетке 120 млрд теңге түсуі мүмкін

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 10:52 Фото: Zakon.kz
Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 24 сәуірде Сенатта өткен парламенттік тыңдауда еліміздегі ақылы жолдардан түсетін кіріс көлемі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, 2025 жылы ақылы жолдардан бюджетке 87 млрд теңге түскен. Ал 2026 жылға жоспарланған түсім — 120 млрд теңге.

"Түскен қаражат қарыздарды өтеуге және жолдарды күтіп-ұстауға бағытталады. Жалпы алғанда, ақылы жолдар бюджетке түсетін жүктемені азайтады", — деді ол.

Сондай-ақ министр автокөлік транзиті саласында үлкен әлеует бар екенін атап өтті. Қазіргі уақытта инфрақұрылымды дамыту, өткізу пункттерін жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар рұқсат беру жүйесінен бас тарту жоспарланып отыр.

Бұл шаралар Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: