2026 жылы Қазақстанда ақылы жолдардан 100 млрд теңгеге дейін қаражат жиналуы мүмкін

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 16:41 Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев 2026 жылғы 30 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ақылы жолдардан жиналатын қаражаттың қай бағыттарға жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, 2025 жылы ақылы жолдардан 87 млрд теңге жиналған. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш шамамен 97–100 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда.

"Жиналған қаражаттың ең алдымен 30 пайызы жолдарды күтіп-ұстауға бағытталады", – деді ол.

Сонымен қатар, қаражаттың 10 пайызын арнайы техника мен бейнебақылау камераларын сатып алуға жұмсау көзделген.

"Соңғы екі жылда біз 1200 дана арнайы техника сатып алдық. Алдағы уақытта тағы 800 техника алу жоспарымыз бар. Жалпы мұндай техникаға деген қажеттілік шамамен 2 мың бірлікті құрайды", – деді "ҚазАвтоЖол" басшысы.

Бұған дейін Дархан Иманашев еліміздегі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін де атаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: