Ауылшаруашылығына бөлінген субсидия шаруаларға емес, сұлулық салондарына бұйырған

zakon.kz zakon.kz
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының қатысуымен өткен кеңесте айтылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар, Түркістан және Алматы облыстарында ауыл шаруашылығына бөлінген қаржының теріс пайдалану фактілерін анықтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының қатысуымен өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Талдау барысында, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеу фактілері анықталды. Мысалы, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысы жоқ 203 кәсіпкерлік субъектісіне (сұлулық салоны, фармкомпанияларға, жылжымайтын мүлікті жалға беру, автомобильдерді жөндеу саласында аккредиттелген кәсіпорындарға жәвне т.б.) 825 млн. теңгеден астам сомаға асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау саласында субсидиялар берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз