ШҚО-да  вакцинация паспортын сатқан бес адам ұсталды

ШҚО ПД баспасөз қызметі ШҚО ПД баспасөз қызметі
Паспорттың құны 20 мың теңге.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері вакцинация паспорттарын заңсыз дайындау және сатумен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолы тәртіп сақшыларының назарына Өскемен қаласындағы емханалардың бірінің екі дәрігері мен үш азаматтық тұлға ілікті. Олар белгіленген ақшалай сыйақы үшін жекелеген азаматтарға вакцинациялау процедурасын өтпестен қызмет көрсетіп отырған.

Деректер базасында ресми тіркелген бұл медициналық құжат үшін Азаматтарға делдалдарға 20 мың теңге және жеке куәліктерінің көшірмелерін ұсынып отырған. Медициналық мекемеге барудың тіпті қажеттілігі болмаған. Делдалдардың әрқайсысы өзіне 2-3 мың теңгеден қалдырып, ал одан әрі олардың негізгі бөлігі дәрігерлерге "жолданып" отырған. Тергеу қазір бұл схема қай уақыттан бері жұмыс істеп жатқанын және қанша адам вакцинация паспортын жалған жолмен алғанын анықтап жатыр.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша "вакцинация паспорттарын" осындай ресми әдіспен тек 20 азаматқа ғана жасадық деп мәлімдеген, алайда тергеу органының пікірінше, бұл сан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

ШҚО Полиция департаментінің бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша: "ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша жүзеге асырылатын сотқа дейінгі тергеу шеңберінде медицина қызметкерлерінің және оларға көмек көрсеткен тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті процессуалды баға берілетін болады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, вакцинация паспортының мәліметтерін осындай жалған және заңсыз жолмен алған барлық азаматтар анықталып, олардан жауап алынуда".

Өңірдің ПД сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша медициналық базаларға енгізілген барлық жалған мәлімет жарамсыз деп танылатынын атап өтті.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз