ШҚО-да өлілерден "ақша жасаған" шенді сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 16:00 zakon.kz
Ол сараптама процесін тез жүргізу үшін ақша алған. Қызметінің құны - 128 мың теңге.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот-медициналық сараптама орталығының бастығы қайтыс болған адамдардың туыстарынан пара алып, марқұмдардан "ақша" жасаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол сараптама процесін тез жүргізу үшін ақша алған. Қызметінің құны - 128 мың теңге, деп хабарлайды Астана ТВ.

Сондай-ақ ол мәйітті жуындырып, киіндіруге көмектескендері үшін де ақша алған. Оған төрт санитар көмектесіп отырған. Бір жыл ішінде олар 1,5 миллион теңгеден астам табыс тауыпты. Енді барлығы сотқа тартылуда.

Сот сараптамасы орталығының бастығы мен оған осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға көмектескен төрт адам кінәлі деп танылып, сотталды. Басшыға қолғабыс еткендер бір жыл бас бостандығынан айырылды. Ал сараптама орталығының басшысының өзі қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, - дейді Өскемен қаласының No2 соты төрағасының міндетін атқарушы Тельман Әлімханов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: