"Кавасаки" синдромы балалар арасында таралуда

almaty.tv almaty.tv
2-3 күн дене қызу көтеріледі, аяқ-қолдарында бөртпелер пайда болады.

Коронавирус қоздыратын "Кавасаки" синдромына балалар жиі ұшырауда. Бұрын-соңды естімеген дертке елімізде биыл 30-ға жуық бала шалдыққан. Күні кеше шымкенттік 5 жасар бүлдіршін аталған аурудың қармағына ілініпті. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ата-ана нені білуі керек? Кавасаки синдромының алғашқы белгілері менсалдары туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде ковидтен де қауіпті саналатын "Кавасаки" тәріздес синдром балалар арасында таралуда. Сандарға сенсек, биыл 28 бүлдіршіннен белгісіз дерт анықталған. Оның үшеуі қайғылы жағдаймен аяқталыпты.

Әлі толық зерттелмеген "Кавасаки" тәрізді синдромның негізгі белгілеріне тоқталсақ. Дәрігерлердің сөзінше, ең әуелі балада 2-3 күн дене қызу көтеріледі, аяқ-қолдарында бөртпелер пайда болады. Одан қалды, әлсіздік байқалып, көзі іріңдеп, қабынуы мүмкін.

Сымбат Мұратова, педиатр-дәрігер:

"Кавасаки" дегеніміз – вирус тудыратын ауру. Қазіргі кезде жиілеп кетті. Алғашқы белгілері температура, қызуды басу көнбейді, ұзақ уақыт сақталады. 39-40 градус.

Шымкентте әбден әлсіреген, денесі бөрткен, буындары ауырған 5 жасар бүлдіршін тамыз айының басында ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның өмірмен екі апта арпалысқанын айтады. Абырой болғанда, бала құлан-таза айығып шығыпты.

Қаламқас Даумбаева, қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Шілде айының 30-да науқас бала, 5 жасар науқас ауруханада жатты. Шағымы – температура көтерілуі, буындарының ісуі, бөртпелер шығуы, әлсіздігі, тәбетінің төмендігі. Бала бес күн реанимацияда болды, дер кезінде арқасында жағдайы жақсаруымен болды.

Мамандардың сөзінше, "Кавасаки" синдромын тек коронавирус қана емес, өзге де инфекциялар қоздыруы мүмкін. Сондай-ақ, естімеген дертке көбіне 2-7 жастағы балалар жиі шалдығады екен.

Сымбат Мұратова, педиатр-дәрігер:

Балада қосымша белгілі ауру болса, созылмалы аурулары болса, асқынады. Бұрыннан келе жатқан ауру. Бірақ өте сирек кездеседі. Себептері де әртүрлі. Қазір жиі кездесетіні – "Кавасаки синдромы".

Қысқасы, бұл вирус иммунитеті мықты, дұрыс тамақтанатын балаларға жоламайды. Сол себепті, жеткіншектерді қолды жиі жуып жүруге, бетперде тағуға баулып, таза ауада серуендету керек. Вирусолог мамандардың кеңесі осындай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз