Жаңалықтар тізбегі
0

Балалар арасында цифрлы аутизмге шалдығушылар кездесе бастады

Гаджет, цифрлы аутизм Сурет: maxpixels.net
Аяқ-қолы балғадай, аман-есен дүниеге келген сәбилер цифрлы технологиялардың әсерінен жүре келе түрлі ауруға ұшырап жатыр. Телефон мен телевизорға телмірген балалардың ойлау қабілеті төмендеп, тілі кеш шығуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тіпті цифрлы аутизм деген диагноз да бар қазір. Бала тәрбиесін экранның ар жағындағы контентке сеніп тапсырған ата-ана салдарын көргенде ғана "логопед" маман іздеп сандалып кетеді. 5 жастағы Әбунасыр Сағатбайдың анасының айтуынша, баласының тілі 1,5 жаста шыға бастаған. 3 жасында балабақшаға келген соң сөздік қоры дами түскен. Қазір "Р" әріпіне ғана тілі келмейді. Сондықтан аптасына екі рет логопедке барады. Маманның кеңесімен, мультфильм көруді азайтқан соң нәтиже тіптен жақсарды, - дейді анасы, деп хабарлайды Astana.tv.

"Телефон қарайды. Бірақ балабақшадан келгенде күніне бір-ақ сағат қана береміз. Сосын телевизор қарайды. 1-2 сағат. Демалыс уақыттарында шамалы екі сағаттай көреді. Ата-ана Ұлболсын Жалғасбай

Мультфильмдердегі персонаждардың аузына қарап бала шатасады. Өйткені онда айтылған сөз ауыздың қозғалысына сәйкес келмейді. Ал бала әуелде адамдардың аузынан шыққан үн мен еріннің мимикасына қарап сөйлеп үйренеді, дейді Мақпал Аширова. Ол 16 жылдан бері балабақшада тәрбиеші. Оның айтуынша, еңбек жолын енді бастағанда балалардың тілі уақытылы шығып, мектепке барарда сөздік қоры бай болған.

"Қазіргі балалардың көбінесе "Р, Ш" әріптеріне тілі келмейді. Телфон, гаджет, компьютер барлығы балаға кері әсерін тигізеді. Керісінше, ата-ана көбірек кітап оқып берсе балаға, көбірек баламен сөйлессе, көбірек ән тыңдатып, ертек тыңдатса, ол бала жақсы, қарқынды, тез дамиды". Балабақша тәрбиешісі Мақпал Аширова

Тілді ерте дамыту үшін сүйек мүжітіп, құрт малтатқан абзал, дейді мамандар. Бұл тіл бұлшықетіне тікелей әсер етеді. Бесік жырынан бастап, жас ерекшеліктеріне сай ертегі-жыр оқып беру қиял-көкжиегін де кеңейтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: