Маңғыстаулықтар Әзірбайжан азаматтарын еліне шығарып салды

Шығарып салу, ұшақ апаты, аман қалғандар, Ақтау, Маңғыстау, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 20:58 Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 26 желтоқсанда ұшақ апатынан зардап шеккен Әзірбайжанның 14 азаматы мен күні кеше Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне оралды. Олардың арасында аман қалған екі бортсерік пен бір бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды.

"Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты", делінген хабарламада.

Шығарып салу, ұшақ апаты, Ақтау, Маңғыстау, Әзірбайжан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 20:58

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Аман қалғандар, ұшақ апаты, Ақтау, Маңғыстау, Әзірбайжан азаматтары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 20:58

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Embraer-190 ұшағының "қара жәшігі" Ақтауға сарапшылар келгеннен кейін бір-ақ ашылатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ ұшақ апаты кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды. Көлік министрлігі ұшақ апатының хронологиясын жариялады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: