Ақтаудағы ұшақ апаты: маңғыстаулықтар Қырғыз елінің азаматтарын еліне шығарып салды
Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат - Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.
Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
"Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты. Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.
Еске салайық, Ақтауда ұшақ апаты салдарынан ауыр жарақат алған 20 жастағы қырғызстандық Ринат Асанов есін жиған еді.
Кеше, 28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript