Ақтаудағы ұшақ апаты: Embraer және CENIPA компаниясының өкілдері Қазақстанға ұшып шықты
Оның айтуынша, олар елімізге 27 желтоқсанда келіп жетеді. Сонымен қатар, Қазақстанға Әзірбайжан Азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді.
Оқиға орнында Әзірбайжанның авиациялық билігімен тығыз ынтымақтастықта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтты:
- Бейінді ведомствоның Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері тергеудің далалық кезеңін өткізіп жатыр.
- Әуежайдың төтенше жағдайлар қызметі ұшақты қабылдауға дайын болды. Экипаж ҚР әуе кеңістігіне кіргеннен кейін Ақтау қаласының диспетчерімен байланыс орнатты. Диспечер әуе кемесін қондыру үшін барлық қажетті іс-қимылдарды жедел көрсетті.
- Экипаж бағыт пен биіктікті тұрақты ұстап тұра алмады. Ростов-на-Донудың диспетчері Махачкала мен Бакудегі ауа-райы туралы мәліметтерді жеткізгеннен кейін экипаж Ақтауға ұшу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
- Сағат 10:53-те Ростов-на-Дону ұшулары жетекшісі Ақтаудағы ұшулар басшысына ұшақтың жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғанын, жолаушылар есінен тана бастағанын қосымша хабарлап, келіп жеткенде ұшақтағыларға дәрігерлер көмегі керек болатынын айтқан.
- Жолақтың визуалды көрінісі анық болуы үшін шамдар қосылды.
- Экпипаж Ақтау әуеайлағының ұшу-қону алаңына жақындау үшін екі рет әрекет жасады, оның барысында ұшақтың ретсіз шайқалғаны байқалды.
- Ұшақ жағалау сызығына қарай ауытқиды. Сағат 11:28-де экипажмен байланыс үзіліп, әуе кемесі жермен соқтығысты.
- Бірден әуе кемесі құлаған жерге бірінші болып Ақтау әуежайының құтқару қызметі келіп жетті, олар борттағы жолаушыларды дереу эвакуациялауға кірісті.
Бұған дейін ҚР ТЖМ баспасөз қызметі әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімін жариялаған болатын. Қайғылы оқиға 25 желтоқсанда түсте болды. Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Соңғы ақпарат бойынша, 67 адамның 29-ы аман қалды, 38 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде ұшақ экипажы да бар. Ұшақта Қазақстанның алты азаматы болғаны белгілі болды, өкінішке қарай олардың барлығы мерт болды.