Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады

Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 18:43 Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия Ақтауға келіп, төтенше жағдай орын болған жерге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанат Бозымбаев ауруханаға жеткізілген зардап шеккендерге барып, шетелдік әріптестерімен кездесуді, сондай-ақ штаб отырысын өткізуді жоспарлап отыр. 

Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 18:43

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі

Барлық төтенше жағдайлар қызметтері, криминалист-эксперттер, прокуратура органдары төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, Бакуден Грозныйға ұшқан Әзірбайжан әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы 2024 жылы 25 желтоқсанда таңертең Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев ұшақ апатына байланысты Ресейге сапарын тоқтатып, жағдайды жеке бақылауына алды.

Кейінірек Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ салонында түсірілген кадрлар тарады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: