Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі

Ұшақ апаты, Ақтау, Қазақстан азаматтары, отбасы, көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 20:25 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов 26 желтоқсанда ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Әзірбайжанның ұшақ апаты кезінде қаза тапқан отандастарымыздың отбасыларына қатысты көмек көрсету бойынша қандай шешім қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айрылу санаты бойынша әлеуметтік төлем төлеу туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

"Жергілікті құрылым бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет жасаймыз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта оның мөлшері анықталып жатыр. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджеттен әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі. МӘСҚ желісі бойынша - 257 мың теңге", - деді ол.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жалпы адамынан айырылған әр отбасы ай сайын 500 мың теңгеден астам қаражат алатынын айтты. Біржолғы көмек көлемі 5 млн теңгені құрайды. 

2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандар саны 29 адамды құрады. Ұшақта Қазақстан азаматтары да болды. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы аман қалмады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: