Әр зейнеткерге 59 мың теңгеден - Еңбек министрлігінің түсініктемесі

zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2021 15:59 zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек министрлігі көпті тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Әлеуметтік желіде әрбір зейнеткерге 59 000 теңге мөлшерінде төлем төленуі керек екендігі туралы ақпарат тарауда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тиісті тапсырма берген-мыс. Бұл, әрине фейк, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2021 15:59

Stop Face бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарғанын жазды.

Азаматтарға мұндай хабарламаларды алаяқтар жеке аккаунттар мен банктік шоттарды иемдену үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыздар. Азаматтардан фейктерге назар аудармауын және ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алынған ақпаратты ғана пайдалануын сұраймыз, – деп түсіндірді ведомстводағылар.

Еңбек министрлігі көпті тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: