Шекара бөліміне Назарбаев есімі берілді

zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2021 15:35 zakon.kz/Максим Золотухин
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан үкіметі 2021 жылғы 18 тамызда Алматы облысындағы Баянкөл шекара бөліміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы шекара бөлімі деп қайта атау беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекеме - Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының "Баянкөл" шекара бөлімі "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі - Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы шекара бөлімі" деп қайта аталсын, - делінген құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: